Нұр-сұлтан қаласында «Көркем Тауэр» ТК-нің 6-қабатындағы терезені сындырған автомобиль кранымен болған оқыс оқиғаны ішкі тергеу нәтижелері белгілі болды

Нұр-сұлтан қаласында «Көркем Тауэр» ТК-нің 6-қабатындағы терезені сындырған автомобиль кранымен болған оқыс оқиғаны ішкі тергеу нәтижелері белгілі болды

2022 жылғы 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында (бас мердігер «Intex contract» ЖШС) QY25 маркалы автомобиль краны «Көркем Тауэр» ТК-нің 6-қабатындағы терезені сындырды.

«Стройкласс-Механизация» ЖШС-мен барлық мүдделі тараптарды қоса отырып, оқыс оқиғаны ішкі тергеу жүргізу үшін комиссия құрылды (2022 жылғы 29 сәуірдегі №27-нқ бұйрық).

Комиссия, осы оқыс оқиғаның автомобиль кранының жүк көтергіш шектегіші мен жебе ұзындығының сенсоры жұмыс істемегендіктен болғанын анықтады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен автомобиль кранының иесі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.