«Лисаковскгоркоммунэнерго» ШЖБ» МКК тексеру нәтижелері

«Лисаковскгоркоммунэнерго» ШЖБ» МКК тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің инспекторларымен 2022 жылғы 14 ақпаны мен 18 ақпаны аралығында «Лисаковскгоркоммунэнерго» ШЖБ» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қауіпті өндірістік объектілерінде ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында 15 объекті тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 8 бұзушылықтары анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік айыппұл салды.

Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпорынның басшылығымен және инженерлік-техникалық жұмыскерлерімен техникалық жиын жүргізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар мен оларды жою мерзімдері талқыланды.