Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауға өтінімдер беруді бастау

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауға өтінімдер беруді бастау

Ағымдағы жылғы 22 қарашада "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 463 бұйрығы күшіне енеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды орындауға құқығын ресми тануы мақсатында жүргізіледі және Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет электрондық лицензиялау веб-порталында "мемлекеттік органдар бойынша қызметтер" бөлімінде іске асырылған http://elicense.kz