
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 "Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына" сәйкес ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріне "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабында айқындалған белгілер бойынша сәйкестендірілетін кәсіпорындар, өндірістік бөлімшелер және осы кәсіпорындардың басқа да объектілері, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қауіпті өндірістік объектілер ретінде сәйкестендірілетін өнеркәсіп салалары мен қызмет түрлерінің объектілері жатады.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабының 2-тармағына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылған қауіпті техникалық құрылғылар қауіпті техникалық құрылғының паспортында көрсетілген параметрлер мен техникалық сипаттамалар бойынша сәйкестендіріледі.
Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіруді ұйым дербес жүзеге асырады. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша ұйым он бес жұмыс күні ішінде қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ақпарат береді. Сәйкестендірілген қауіпті өндірістік объектілердегі ұйымдардың қызметі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қауіпті өндірістік объектілерде жыл сайын қауіпті өндірістік объект қауіптілігінің жалпы деңгейінің есебі жүргізіледі. Қауіпті өндірістік объект қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қауіпті өндірістік объектінің жауапты адамы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі арқылы жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалуының жай-күйін бағалау мақсатында жүргізіледі.
Қауіпті өндірістік объект қауіптілігінің жалпы деңгейі жөніндегі ақпаратты қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым қауіпті өндірістік объект қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдан кейінгі 15 қаңтардан кешіктірмей өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жыл сайын ұсынады.