«ҚазТрансОйл» АҚ тексеру нәтижелері

«ҚазТрансОйл» АҚ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан департаментінің инспекторлары "ҚазТрансОйл"АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Тексеру барысында "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының 922 км – 1235 км желілік бөлігі, "Үлкен Шаған" мұнай айдау станциясы, "Сахарный" мұнай жылыту станциясы, "Антоново", "Барановка" мұнай жылыту пункттері, қабылдау-тапсыру пункті тексерілді.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын 7 бұзушылық анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.