"Атамекен-Астық" ЖШС тексеру нәтижелері

"Атамекен-Астық" ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан департаментінің инспекторлары "Атамекен-Астық" ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

"Атамекен-Астық" ЖШС негізгі қызметі – астықтың үлкен партияларын сақтау және оны кондициялық жағдайға дейін жеткізу (элеватор).

Тексерумен өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу, мұнай өнімдерін сақтау, қысыммен жұмыс істейтін жүк көтергіш механизмдер мен жабдықтарды пайдалану мәселелері қамтылды.

Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары анықталды. Инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жасап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 298-бабының бірінші бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.