
Жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалу жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік болып табылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектідегі өндірістік бақылау жолымен қамтамасыз етіледі. Өндірістік бақылау-бұл адамдардың қауіпсіз қызметі мен кәсіпорындағы техникалық құрылғылардың жұмысының маңызды буыны.
Өндірістік бақылауды өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлерге, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша ықтимал төмендету мақсатында жүзеге асырады. Осы мақсатта қауіпті өндірістік объектілердің иелері немесе басшылары ішкі бақылау іс-шараларын жүргізеді:
– өндірістік бақылау жүйесін ұйымдастыратын және оның жұмыс істеуіне жауапты тұлға-қауіпті өндірістік объектінің иесі немесе ұйымының басшысы болып табылады;
- өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жауапты тұлға-басшының орынбасары немесе бас инженер болып табылады;
- кәсіпорында өндірістік бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жедел басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыратын тұлға-кәсіпорын бойынша бұйрықпен айқындалған тұлғалар (учаске бастықтары, шеберлер) болып табылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау ұйым басшысының бұйрығымен бекітілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік актінің негізінде жүзеге асырылады. Нормативтік актіде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері қамтылуға тиіс. Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға жауапты қызметкер тікелей басшыға бағынады. Жауапты адамның құқықтары мен міндеттері Ережеде және технологиялық регламентте айқындалады.