«Қазақтүрікмұнай» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру.

2021 жылғы 05-23 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі және магистральдық құбырлардағы мемлекеттік қадағалау бөлімімен (бұдан әрі - Департамент) 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-не қатысты тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауы тұрғысынан ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС құрылған күні 04 ақпан 1993 жыл. Өндірісте жұмыс істейтін ЖШС қызметкерлерінің саны 128 адамды құрайды.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы «Лақтыбай» және «Оңтүстік Қаратөбе» кен орындарында көмірсутек шикізатын өндірумен айналысады.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС  екі кен орнында құрамында мынадай қауіпті өндірістік объектілері бар: мұнай дайындау қондырғысы - 2 бірлік, компрессорлық станция – 1 бірлік, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы – 3 бірлік, резервуарлық парк – 3 бірлік, ұңғыма қоры - 36.

Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 13 бұзушылықтары анықталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 1-тармағына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Жол берілген бұзушылықтар үшін заңды тұлға 298-баптың 1-бөлігіне, сондай-ақ 298-баптың 2-бөлігіне сәйкес қысқартылған өндіріс тәртібімен жалпы сомасы 364 625 теңгеге 2 айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.