«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының көмір Департаментінің «Саран» шахтасында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының көмір Департаментінің «Саран» шахтасында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы.

Саран шахтасы Қарағанды қаласынан 12 км қашықтықта орналасқан. 1955 жылы пайдалануға берілді. Шахта қауіптілік дәрежесі бойынша жоғары категориялы, шаң мен көмір мен газ шығарындылары бойынша қауіпті болып табылады. Шахта «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының Көмір департаментінің құрамына кіреді. Қызметкерлердің жалпы саны 1459 адамды құрайды, оның ішінде жерасты тобы 1255 адам.

Негізгі қызмет түрі тас көмірді жер асты тәсілімен өндіру.

Көмір өндірудің жылдық жоспарлы көлемі 1 млн. 800 мың тонна көмірді құрайды. КР маркалы тас көмір, К7, К10, К12 қабаттары.

ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2021 жылдың 19 наурызы мен 2021 жылдың 2 сәуірі аралығында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының көмір Департаментінің «Саран» шахтасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына жоспардан тыс тексеру жүргізді (мемлекеттік органның өтініші).

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 60 бұзылуы анықталды. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі тау-кен қазбаларын күтіп ұстауға және уақтылы жөндеуге, тау-кен қазбаларын желдетуге, желдету құрылыстарының жай-күйіне, электр жабдықтарын пайдалануға және өртке қарсы қорғаныс жағдайына келеді.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 61к7-З лавасының кен алу учаскесінің тазалау кенжарында тау-кен жұмыстарын жүргізуге тыйым салу туралы акт жасалып, Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.

Жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының заңды тұлғасына өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқама берілді және «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабының 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК-ке әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы көмір өнеркәсібінде комитеті департаментінің №2ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік Қарағанды облысы бойынша В.Н.Рязанцев