«Phystech II» АҚ кәсіпорнына қатысты ерекеше тәртіп бойынша тексеру

«Phystech II» АҚ кәсіпорнына қатысты ерекеше тәртіп бойынша тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 29 қазандағы №375 Кәсіпкерлік Кодексін, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 09.12.2020 жылғы №76 бұйрығымен бекітілген тексеру кестесіне, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 1206 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 814 «Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекiту туралы» бірлескен бұйрығының қосымшаларына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері сәйкес, 2021 жылдың 9-шы наурызынан 31-шы наурыз аралығында «Phystech II» АҚ-ның қауіпті өндірістік нысандарына ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында 16 қауіпті өндірістік нысандары тексерілді, атап айтқанда: мұнай жинау пункті, топтық қондырғылар, мұнай өлшеу қондырғылары, ұңғымалар, механикалық ремонттау алаңы, жанармай құю бекеті және т.б.

Осы тексеру нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы ережелері бойынша 21 бұзушылықтар (оның ішінде: 3 ауыр тәуекел дәрежесі және 9 маңызды тәуекел дәрежесі) анықталды. Бұзушылықтардың кейпі келесідегідей болды: тексеру кезінде өндірілген су сорғы станцияларында резервтік сорғы болмаған; №№23, 2140, 2141, 209, 2145, 2144, 255 ұңғымаларының ағынды желісінде тексеру кезінде электрлік манометр болмаған; тексеру кезінде №№2140, 2141, 2145, 2144 ұңғымаларының учаскелерінде жөндеу қондырғысын, көпірлерді, жабдықтар цистерналарын қабылдауға арналған бетон алаңы болмаған; химиялық зертхана зертханалық шыны ыдыстарды жууға және кептіруге арналған құрылғылардың жергілікті желдетілуін қамтамасыз етпейді (№ 2 талдау бөлмесі) және т.б.

Тексеру қорытындысы бойынша «Phystech II» АҚ-на текеру қорытындысы және бұзушылықтарды жою мерзімдерімен нүсқама берілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін заңды тұлға 145 850 теңге (қысқартылған түрде) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.