Проверка по особому порядку в области промышленной безопасности ТОО «Заман-Энерго»

Проверка по особому порядку в области промышленной безопасности ТОО «Заман-Энерго»

«Заман-Энерго» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мұнай-газ өнеркәсібін және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімі Департамент бөлімдерімен бірлесіп 2021 жылдың 9 наурыз бен 1 сәуір аралығында бекітілген жартыжылдық тексеру кестесі негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Заман Энерго» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына инспекциялау және тексеру жүргізді.

«Заман Энерго» ЖШС-гі 25.01.2008 ж. №001840 мемлекеттік лицензия негізінде тау-кен өндірістерін пайдалану, соның ішінде мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру, ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынамалау және игеру, кен орындарында (мұнай, газ, мұнай-газ конденсанты) технологиялық жұмыстарды жүргізу, мұнай, газ ұңғымаларын бұрғылау, ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды демонтаждау, ұңғымаларды көтергішті орнату, ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау, сондай-ақ мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту бойынша қызмет түрімен айналысу жұмыстарын жүргізеді

1995 жылы ҚР Үкіметі мен «ANACO» ЖШС арасында «Қырықмылтық» кен орнын игеру туралы келісімшартқа қол қойылды. Бор және триас горизонттарының нашар зерттелуін ескере отырып, келісімшартта юра өнімді горизонттарын пайдалануға беру қарастырылған.

1995 жылдың мамыр айында «ANACO» ЖШС МГ сериялы №95 (мұнай) лицензиясын алды, оған сәйкес 1997 жылдың қаңтар айынан бастап Юра пайдалану объектісінен көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асырады.

«ANACO» ЖШС-нің бас мердігері «Заман Энерго» ЖШС-гі болып табылады, ол 01.07.2011 жылғы №12 шарт негізінде осы кен орнын пайдаланумен байланысты барлық кешенді мұнай кәсіпшілігі сервистік қызметтерді жүзеге асырады. 

«Қырықмылдық» кен орны мұнай мен газды өндіру, тасымалдау цехын (МГӨЦ), ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеудің кешенді учаскесін (ҰКЖЖЦ), мұнай тапсыру пунктін НПС-3, сондай-ақ өндірістік процестегі цехтардың технологиялық мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін қосалқы қызметтерді қамтиды.  

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік, газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасы талаптарының оннан астам бұзылуы анықталды, соның ішінде өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларының, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларының, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі Талаптардың талаптары сақталмаған.

Жіберілген бұзушылықтар үшін «Заман Энерго» ЖШС-не ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі және 306-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғай отырып және қысқартылған өндіріс тәртібінде екі айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдана отырып, заңдылықты бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

Айта кету керек, «Заман Энерго» ЖШС-ке ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 4-тармағында көзделген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді, онда тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру жүргізген мемлекеттік органға бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

Бақылау және қадағалау субъектісі өтініште бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылатын шараларды және бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.

Тексеру жүргізген мемлекеттік орган өтініште жазылған дәлелдерді ескере отырып, үш жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе дәлелді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.