Қазандық шаруашылығы нысанындағы оқу-жаттығу дабылы

Қазандық шаруашылығы нысанындағы оқу-жаттығу дабылы

     Алматы қаласында ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып, қазандық шаруашылығы нысанында оқу-жаттығу дабылы ұйымдастырылды.  Шараның басты мақсаты – авариялық жағдайларға дайындық деңгейін арттыру.
Сценарийге сәйкес, қазандықта шартты жарылыс болып, арты өртке ұласты. Осы оқиға барысында персоналды эвакуациялау, хабарлау жүйесі және алғашқы әрекеттер реті пысықталды. Сонымен қатар, жауапты тұлғалардың шұғыл қызметтермен өзара байланысы мен қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылы тексерілді.

     Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша нысанның дайындығына тиісті баға беріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын ары қарай жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді.