ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары мұнай-газ нысандарының жай-күйімен танысты

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары мұнай-газ нысандарының жай-күйімен танысты

   2026 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Ысқақов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілерін аралады. Іс-шара барысында кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен, инфрақұрылымымен, жабдықтардың техникалық жай-күйімен және тиісті саладағы шаралардың ұйымдастырылу деңгейімен танысты.

   Басшылық назары қауіпті өндірістік нысандарды сенімді пайдалануға, бекітілген талаптардың сақталуына, ішкі бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ құрылғыларды уақтылы куәландыру мен диагностикалаудан өткізуге аударылды. Сонымен бірге, басқару жүйесін жетілдіру, техникалық қадағалау деңгейін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

    Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ерекше назарды талап ететін өзекті міндеттер айқындалып, мұнай-газ саласындағы объектілерде қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары белгіленді.