Батыс Қазақстан облысында прекурсорлар қоймасына мемлекеттік тексеру жүргізілді

Батыс Қазақстан облысында прекурсорлар қоймасына мемлекеттік тексеру жүргізілді

   Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы ұйымның өндірістік-техникалық базасы мен прекурсорлар сақталатын қоймалық үй-жайларына кешенді тексеру жүргізді.  

Бақылау іс-шарасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сұранысы негізінде ұйымдастырылды. Тексерудің басты мақсаты - өтініш білдірген ұйымға прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыруға арнайы лицензия беру үшін қажетті сараптамалық қорытындыны дайындау. 

   Тексеріс барысында мемлекеттік инспектор өндірістік объектінің жай-күйін, қауіпсіздік жүйелерін жан-жақты зерделеп, оның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына, техникалық регламенттерге және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін бағалады.

Сонымен бірге, кәсіпорын өкілдерімен профилакторийлік-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның шеңберінде химиялық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері нақтыланды.