
2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына орай, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының өкілдері Қаныш Сәтбаев университетінің (ҚазҰТЗУ) студенттеріне дәріс оқыды.
Танымдық кездесу аясында білім алушыларға бұл саланың стратегиялық маңызы, даму басымдықтары және өндірістік нысандарда еңбек пен өндіріс қауіпсіздігі нормаларын қатаң сақтаудың мәні толық түсіндірілді. Сонымен бірге, басқарма мамандары өздерінің күнделікті қызметтік міндеттері мен жүктелген функцияларын таныстырып, жастарға болашақ кәсіби жолын дұрыс айқындау бойынша кеңестер ұсынды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына деген қызығушылығын арттыру, олардың танымдық өрісін кеңейту, сондай-ақ білікті әрі бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды қалыптастыруға ықпал ету.