
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаев Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірлік ТЖД салалық басқарма қызметкерлерімен жедел кеңес өткізді.
Жиынға қатысушылар бақылаудағы объектілердегі қауіпсіздікті сақтау, қадағалау-профилактикалық шараларды ұйымдастыру және жоспарлы көрсеткіштердің орындалу барысын сөз етті. Сонымен қатар кадрмен қамту, еңбекақы төлеу және инспекторларды арнайы киіммен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Рашид Дубаев мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі егжей-тегжейлі жауап берді.
Сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіретін «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС басшылығымен де кездесу өтті. Өндіріс ошағының өкілдері компания қызметі мен бұған дейін анықталған заңбұзушылықтарды жою бағытында атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндады. Кездесулер қорытындысы бойынша қауіпсіз өндірісті ұйымдастыруға қатысты кейінгі жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.