
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Қазақстан Алюминийі» АҚ қызметімен танысты. Кәсіпорынның негізгі бағыты - металлургиялық глинозем алу мақсатында боксит өңдеу. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 1,5 млн тонна өнімді құрайды. Өндірісте 3 685 қызметкер жұмыс істейді, оның 1 391-і қауіпті өндірістік учаскелерде еңбек етеді. Тексеру барысында Рашид Күлтаевич шикізат дайындау цехын (шихталау қайта өңдеуі), түтік тәрізді айналмалы пештері бар күйдіру цехын, тауарлық глинозем шығаратын гидрометаллургиялық цехтың № 5 учаскесін және галлий өндіретін жаңа цехтың құрылыс алаңын аралады. Қауіпті өндірістік нысандарды аралац барысында мамандар өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндады, содан соң Комитет төрағасы ұжыммен өндірістік жарақаттану тәуекелдерін азайтуға бағытталған шараларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Кәсіпорынға барған сапар қорытындысы бойынша Рашид Дубаев АҚ басшылығымен және мамандарымен жұмыс кеңесін өткізді. Кездесуде өндірістік бақылау тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басым міндеттер айқындалды.