
Батыс Қазақстан облысындағы автогаз бекеттерінде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді. БҚО ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары өңірдегі барлық газ құю станцияларына кешенді рейдтік тексерулер жүргізуде. Аталмыш шараның басты мақсаты халыққа қызмет көрсетуші салалық нысандардың тұрақты, үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал техногендік қатерлердің алдын алуды көздейді. Тексеру барысында жұмысшылар мен қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге басымдық берілді. Сала мамандары қызметкерлерге жабдықтарға уақтылы және сапалы техникалық қызмет көрсету, сұйытылған газды құю ережелерін бұлжытпай орындау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтау арқылы апаттық жағдайлардың туындауына жол бермеу қажеттігін ескертті. Басқарма өкілдерінің айтуынша, өңірдегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бұл профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасады.