Газ сақтау базасында өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Газ сақтау базасында өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары «Olimp Gaz» ЖШС газ сақтау базасында оқу-жаттығу шарасын өткізді.

Шараның басты мақсаты – №5 резервуарда өрт шыққан жағдайды модельдеу арқылы персоналдың дайындығын тексеру болды. Оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің дабыл бойынша әрекет ету, өрт туралы хабарлау, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау және өрт сөндіру құралдарын тиімді қолдану дағдылары пысықталды. Сонымен қатар, жауапты тұлғалардың өзара іс-қимылы мен авариялық жағдай кезіндегі іс-шаралардың регламентке сәйкестігі бағаланды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер бойынша тиісті нұсқаулықтар беріліп, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.