
Қостанай облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «База сжиженного газа» ЖШС, «Промбаза-7» ЖШС, «KamlitKZ» ЖШС, «Костанай- Известняк» ЖШС қызметтеріне жоспарлы тексерулерін ұйымдастырды. Нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің бұзылғаны тіркеліп, тиісті актілер енгізілді және кемшіліктерді жою хаттамалары жолданды. Бұған қоса, аталмыш серіктестіктерге заңды тұлға ретінде әкімшілік айыппұлдар салынды.
Сонымен қатар, белгіленген бұзушылықтарға байланысты 86 баллонды пайдалану тоқтатылды. Тексеру шаралары аяқталған соң кәсіпорын басшылығы мен инженерлік құрамының қатысуымен кеңес өткізілді. Өндірістік объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ведомствоның басты міндеті болып қалады.