
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы ұйымның өндірістік-техникалық базасына кешенді тексеру жүргізді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сұрауы негізінде прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қажетті қорытындыны дайындау мақсатында өткізілді.
Мемлекеттік инспектор өндірістік объектіні жан-жақты зерделеп, оның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін бағалады. Сонымен қатар, ұйым өкілдерімен прекурсорлармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және ықтимал бұзушылықтардың алдын алу жөнінде түсіндірілді.