Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы оқу-жаттығу шаралары

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы оқу-жаттығу шаралары

      Қызылорда облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мамандарының қатысуымен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның Құмкөл кен орнында оқу-жаттығу дабылы өткізілді.
Іс-шара барысында хабарлау және дабыл беру тәртібі белгіленген талаптарға сай толық орындалды. Авариялық-құтқару қызметтері шартты түрде туындаған өрт ошағын оқшаулау кезінде жоғары практикалық дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ авариялық-құтқару бөлімшелері мен кәсіпорын қызметкерлерінің өзара іс-қимылы тиімді ұйымдастырылып, барлық қатысушының әрекеті нақты үйлестірілді.
      Мұндай іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру және өткізу өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің маңызды әрі ажырамас құрамдас бөлігі. Ол өз кезегінде төтенше жағдайлардың алдын алуға және қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыруға айтарлықтай үлес қосады.