
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары «Тайынша Элеваторы» ЖШС-нің астық кептіру кешенінде орнатылған жолаушылар лифтіне техникалық куәландыру жүргізді. Бұл жұмыс монтаждау аяқталғаннан кейін жабдықты пайдалануға беру алдындағы міндетті рәсім аясында атқарылды.
Техникалық куәландыру барысында лифт статикалық және динамикалық сынақтардан өткізіліп, барлық механизмдері мен қауіпсіздік құрылғыларының жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша жолаушылар лифті өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік талаптарға толық сәйкес келетіні анықталып, пайдалануға беруге рұқсат етілді.
Жүргізілген тексеру көтергіш жабдықтың сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірістік нысандардағы апаттардың алдын алуға бағытталған.