
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министтрі Е.А. Садырбаевтың хаттамалық тапсырмасы орындалды. Осы мақсатта «Метрополитен» КМК базасында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС өкілдері және метрополитен мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Шара барысында қатысушылар орталық диспетчерлік басқару қызметінің жұмысымен танысып, мониторинг, бейнебақылау және төтенше жағдайларға жедел ден қою жүйелерінің мүмкіндіктерін көрсететін Жағдайлық орталықты қарады. Жиында метрополитен объектілерінің сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және төтенше жағдайлардағы дайындық деңгейін көтеру мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қатысуымен практикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Жылжымалы құрамның доңғалақ жұптарының тежегіш жүйесі істен шыққан жағдайда, «Райымбек батыр» станциясының тоннелінде жолаушыларды қауіпсіз эвакуациялау тақырыбы пысықталды. Жаттығу кезінде штаттан тыс ахуалды уақтылы анықтау, тиісті қызметтерді жедел хабардар ету және шартты төтенше жағдайды жою барысындағы бөлімшелердің әрекет ету алгоритмдері қарастырылды.