Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды техникалық куәландыру

Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды техникалық куәландыру

       Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС нысанындағы қондырғыларды бақылаудан өткізді. Тексеру барысында техникалық құжаттаманың заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді. Мамандар ыдыстардың төлқұжаттарын, дайындалу және монтаж сапасын растайтын құжаттарды, сондай-ақ сыртқы және ішкі қарап-тексеру, гидравликалық сынақтар мен нормативтік іс-шаралардың нәтижелерін саралады. Осылайша, жабдықтың қауіпсіз пайдалануға толық дайындығы айқындалды.
Инспекция барысында өндірістік нысандарда авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған қауіпсіздік шараларының сақталуына басты назар аударылды.