
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Болашақ құрылыс» ұйымында жоспарлы тексеру жүргізуде.
Тексеріс барысында салалық заңнама талаптарының орындалмауына қатысты бірқатар кемшілік тіркелді. Кәсіпорын өкілдеріне заңбұзушылықтарды жою бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларды қысқа мерзімде қалпына келтіру жөнінде міндетті нұсқама берілді.
Аталған нысандағы жұмыстар мамандардың қатаң бақылауына алынып, талаптардың толық орындалуы жіті назарда болады.