Қазақстанның ТМД кеңістігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рөлі нығайды

Қазақстанның ТМД кеңістігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы рөлі нығайды

       Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXIV отырысы өтті.
Аталған шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Құлтайұлы Дубаев пен Атом энергиясы объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Азат Абдуллаұлы Тагаев қатысты. Кеңес барысында Р.Қ. Дубаев құрылымның тең төрағасы болып сайланды.
       Қатысушылар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, атап айтқанда: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау тәсілдерін, қауіпті өндірістік объектілерге арналған мамандарды даярлау мен аттестаттау жүйесін, сондай-ақ ТМД елдеріндегі қауіпсіздік талаптарына салыстырмалы талдау жасау мәселелерін талқылады.
      Баяндама барысында Р.Қ. Дубаев әріптестерін Қазақстанның осы саладағы заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістермен таныстырды. Кеңес аясындағы өзара іс-қимыл ұлттық өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін кешенді жаңғыртуға, озық халықаралық тәжірибені енгізуге және өндірістік үдерістерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге ықпал етеді.