ТЖМ өнеркәсіптік сектордағы мемлекеттік бақылауды күшейтті

ТЖМ өнеркәсіптік сектордағы мемлекеттік бақылауды күшейтті

     Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.А. Садырбаев Балқаш қаласындағы «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің өндірістік нысандарында болды. Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Е.Б. Шортанбаевтың сүйемелдеуімен өткен сапар барысында жұмыс тобы зауыттың негізгі цехтарын аралап, технологиялық үдерістермен, жеке қорғаныш құралдарының жай-күйімен және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуымен танысты.

      Кәсіпорын басшылығымен өткен жиында салалық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Е.А. Садырбаев төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында персоналды қадағалау және іздеу жүйесін енгізуді ұсынды.

     Кездесу соңында вице-министр қойылған сауалдарға жауап беріп, Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша сындарлы әріптестікке ашық екенін атап өтті.