
Шымкент қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары лицензиялық талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында Қаратау ауданындағы «Dentafill Kazakhstan» ЖШС нысанында жоспарлы жұмыстарды бастады.
Бақылау барысында кәсіпорынның улы заттарды сатып алу, сақтау, өткізу және пайдалану қызметіне қатысты лицензия мен оған қосымша алу туралы өтініші қарастырылып, заңнама талаптарының сақталуы зерделенді. Қорытындылай келе, мекемеге тиісті құжаттар рәсімделіп, нәтижесі бойынша шешім қабылданды.