
Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттікинспекторлары «Ulytau Gold Processing» ЖШС базасында жоспарлы тексеріс жұмыстарынжүзеге асырды. Іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының орындалуын қадағалау, қауіпті аймақтардағы ахуалды бағалау, сондай-ақ апаттар мен жазатайым жағдайлардың алдын алып, инфрақұрылымның тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуінқамтамасыз ету.
Нәтижесінде анықталған олқылықтарды жою бағытында мекеме басшылығына арнайы нұсқама беріліп, өндірістік тәртіпті күшейту шаралары жүктелді.