
Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бастамасымен жүзеге асырылған бұл шара еңбек қауіпсіздігін нығайту және өндірістік қатерлерді сейілтуге бағытталған. Айналмалы камералар жұмыс аумағын, оның ішінде көз жетпейтін тұстарды толық қамтып, кран машинисының жүк тиеу-түсіру операцияларын нақты уақыт режимінде қауіпсіз басқаруына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ анемометр көрсеткіштерін қашықтан бақылау жүйесі орнатылды. Бұл технология персоналдың кран басына көтерілу қажеттілігін жойып, техникалық тексеру жұмыстарын жеңілдетеді. Бейнежазбаларға жауапты қызметкерлердің қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, қолайсыз ауа райы жағдайында жедел шешім қабылдау тетігі іске қосылды. Аталған инновация мұнаралы крандарды пайдалану барысындағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, өндірістік тәуекелдерді төмендетуге зор ықпал етеді.