Өнеркәсіптік объектілерде қауіпсіздік шаралары пысықталды

Өнеркәсіптік объектілерде қауіпсіздік шаралары пысықталды

     Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы, Электр станциясының базасында өткен арнайы оқу-жаттығу дабылына қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты төтенше жағдайлар туындаған кезде персоналдың және апаттық-құтқару қызметтерінің жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Оқу-жаттығу сценарийі ресиверлерді орнату бөлімшесінің аумағындағы №5 сутегі ресиверінде орын алған өртті сөндіруге негізделді.

     Оқу-жаттығу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-қимылдары пысықталды. Сонымен қатар, өнеркәсіптік нысанның авариялық-құтқару қызметтерінің үйлесімділігі мен техникалық дайындығы тексеріліп, ықтимал өндірістік апаттардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша практикалық дағдылар жетілдірілді.

    Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары жаттығу қорытындысы бойынша жауапты қызметтердің дайындық деңгейін бағалап, өндірістік нысандардағы қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығын атап өтті.