
Жиынға Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС, «АҚ БЕРЕН» МФ «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС және «Нейрон Мед» ЖШС мамандары жұмылдырылды. Шара барысында реагенттің ағуы және одан туындайтын өрт оқиғасы модельденді. Бұл іс-қимылдардың негізгі мақсаты – өндіріс аумағындағы қауіпсіздік деңгейін көтеру және төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет ету шеберлігін шыңдау.
Оқу-жаттығу барысында дабыл қағу және хабарлау тәртібі толық сақталды. Қызметкерлер шартты өрт ошағын оқшаулау бойынша практикалық дағдыларын көрсетті. Авариялық-құтқару қызметтерінің өзара үйлесімі жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Аталған жаттығулар өндірістегі қауіпсіздік стандарттарын нығайтудың маңызды бөлігі саналады.