Құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздік

Құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздік

      Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Құрылыс нысандарында өндірістік бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға жүк көтергіш механизмдерді пайдаланатын ірі құрылыс компанияларының өкілдері, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мамандар қатысты.

      Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтау, өндірістік бақылауды тиімді жолға қою, жауапты тұлғаларды тағайындау, жабдықтарға техникалық куәландыру жүргізу және персоналды даярлау мәселелері қаралды. Сондай-ақ, өндірістік объектілердегі төтенше жағдайлардың алдын алу, техникалық құрылғылардың жай-күйіне бақылауды күшейту және мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға баса назар аударылды.

     Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, заңнаманы қолданудың өзекті бағыттары бойынша нақты түсіндірмелер алды. Осындай жиындарды өткізу құрылыс алаңдарында техникалық құрылғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті нығайтуға және авариялық жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді.