Төтенше жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі

Төтенше жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі

   Магистральдық газ құбырында апаттық-құтқару жұмыстарын пысықтауға арналған оқу-жаттығу өтті. Қызылорда облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Қызылорда» магистральдық газ құбырлары басқармасы базасында ұйымдастырылған жаттығуға қатысты.

   Жиын «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының 944-шақырымындағы №6 тазарту қондырғысының шығыс шлейфінде (D1067/28,6 мм) орын алған шартты жарылыс пен өрт кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға арналды. Бекітілген жоспарға сәйкес өзара іс-қимыл тетіктері пысықталып, тартылған қызметтердің жеделдігі мен дайындық деңгейі сараланды.

    Іс-шара қорытындысы бойынша өндірістік және технологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Мұндай тәжірибелік сабақтар төтенше жағдайлардың алдын алуға, ықтимал тәуекелдерді төмендетуге және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.