
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалына қарасты Чижа желілік өндірістік басқармасының қауіпті өндірістік объектісінде апаттық жағдайларды оқшаулау және жоюға бағытталған арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шара төтенше жағдайлар кезіндегі жеке құрамның практикалық дағдыларын шыңдауға, өндірістік объектінің дайындық деңгейін тексеруге және апаттық-құтқару қызметтері мен нысан персоналының өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталды. Жаттығу барысында қызметкерлер шартты апат аймағынан персоналды шұғыл эвакуациялау, қауіпті аймақты оқшаулау және апаттың ықтимал салдарын жою бойынша барлық алгоритмдерді сапалы орындап шықты. Сонымен қатар техникалық жарақтандыру мен байланыс жүйелерінің іркіліссіз жұмысы тексерілді.
Оқу-жаттығу нәтижелері нысанның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына толық сәйкестігін және төтенше жағдайларға төтеп берудегі жоғары дайындығын дәлелдеді.