Автогаз құю бекеттеріндегі қауіпсіздік: заңнамалық талаптар және жауапкершілік

Автогаз құю бекеттеріндегі қауіпсіздік: заңнамалық талаптар және жауапкершілік

   Жамбыл облысында автогаз құю станцияларындағы өрт қауіпсіздігі мен қолданыстағы заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Облыстық ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, прокуратура өкілдері мен газ құю бекеттерінің иелері үшін арнайы кеңес өткізді. Жиында газ құю орындарында тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салу және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өзекті сауалдар төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты.

    Кездесу соңында кәсіпкерлерге өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұлжытпай орындау, нысандардағы қауіпсіздік деңгейін көтеру және жүктелген міндеттерді сапалы атқару қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ, заң бұзушылыққа жол бергендер үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары туралы ескерту жасалды.