Қауіпті өндірістік объектілердегі техникалық қадағалау

Қауіпті өндірістік объектілердегі техникалық қадағалау

«QazExpoCentre – Pipe» ЖШС өндірістік алаңында екі арқалықты көпірлі кран толық техникалық куәландырудан өтті. Батыс Қазақстан облысының ТЖД  Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы кәсіпорында жаңа жабдықтың қауіпсіздік көрсеткіштерін бағалау мақсатында құрылған комиссия құрамында болды. Тексеру барысында кранның жүк көтергіш металл конструкциялары мен техникалық тораптарына визуалды сараптама жасалып, жүктеме астындағы статикалық және динамикалық сынақтар жүргізілді. Нәтижесінде жабдық өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен стандарттарына толық сәйкестігі расталып, оны өндірістік мақсатта қауіпсіз пайдалануға ресми рұқсат берілді. Мұндай тексерулер – өнеркәсіптік нысандардағы төтенше жағдайларды болдырмау және қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік бақылаудың маңызды тетігі.