Өндірістік тәуекелдерді азайту мақсатында кешенді бақылау жұмыстары жүзеге асырылды

Өндірістік тәуекелдерді азайту мақсатында  кешенді бақылау  жұмыстары жүзеге асырылды

       ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Қалдыбекұлы Ысқақов Қызылорда облысына іссапармен барды. Өңірлік басқарма мамандарымен өткен жиында өндірістік нысандардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы, төтенше жағдайлардың алдын алу және заңнамалық нормалардың орындалу барысы сараланды. Кездесу қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға салалық жүйені жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

    Сонымен қатар, Нұржан Қалдыбекұлының қатысуымен «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» ЖШС-не қарасты кен орындарында жоспарлы тексеру жұмыстары басталды. Инспекция келесі өндірістік алаңдарды қамтиды: «Тұзкөл», «Батыс Тұзкөл», «Кетеқазған», «Солтүстік Кетеқазған», «Жаңбыршы» және «Белқұдық». Бұл шаралар өндірістік ортаның  қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.