
ҚР ТЖМ мен «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру және өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады. Жиын барысында өндіріс орындарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейту және тәуекелдерді басқарудың озық әдістерін енгізу қарастырылды. «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Қуанышкерей Мұхтаров құбыржол жүйелерін техникалық тексеру кезінде халықаралық RBI/ТОУФР стандарттарын қолдану әдістемесін таныстырды. Сондай-ақ Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сырым Жаймағанбетов мемлекеттік қадағалау аясындағы жедел әрекет ету және алдын алу шараларының нәтижелерін баяндады. Кездесу қорытындысында тараптар қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіздік режимін қатаң сақтау және техникалық бақылауды күшейту бойынша ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты.