Қауіпсіздік мониторингі

Қауіпсіздік мониторингі

    Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Шараға Төтенше жағдайлар вице-министрлері Е.А. Садырбаев пен Б.К. Абдышев, сондай-ақ ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мамандары қатысты. «Еуразиялық топ» ЖШС басшылығымен өткен кеңесте компанияның қауіпті өндірістік нысандарындағы ахуал жан-жақты сараланды. Кәсіпорынның жобалар және даму жөніндегі бас директорының орынбасары Д.С. Рахимтаев қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету барысы туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, «AG Tech» ЖШС өкілдері DMMS өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингі жүйесін таныстырды.

    Кеңес қорытындысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтаудың маңыздылығына баса назар аударылды.