
2026 жылғы 25–31 мамыр аралығында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дубаев Рашид Култаевич Корея Республикасына оқу сапарымен барды. Оқу сапары «Korea Testing Certification» (KTC) институтының шақыруы бойынша жүзеге асырылды. Сапарға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ лифт саласын дамытумен және оның қызметімен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Іс-шара Қазақстанда лифт саласына арналған R&D орталығын құру бойынша гранттық жоба аясында ұйымдастырылды. Жиын барысында Кореяның лифт қауіпсіздігі институтының (KoELSA) жұмыс алгоритмі талқыланып, Қазақстанда осы үлгідегі бірыңғай оператор моделін енгізу қарастырылды. Сонымен қатар, EMCC компаниясымен мамандардың біліктілігін арттыру бойынша келісімдер жасалып, меморандумға қол қойылды. Делегация мүшелері Инчхон әуежайының диспетчерлік жүйелерімен, жетекші өндірушілердің технологияларымен және Корея лифт колледжінің оқу бағдарламаларымен жақынырақ танысты. Комитет төрағасы Рашид Дубаев бұл нәтижелердің Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасын жаңғыртуға және лифт шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге негіз болатынын атап өтті.