Мұнай өнімдерінің төгілуіне қарсы оқу жаттығуы өтті

Мұнай өнімдерінің төгілуіне қарсы оқу жаттығуы өтті

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «ТеңізСервис» ЖШС Баутин филиалының айлағында жоспарлы тексеру жүргізді. Шара аясында мұнайдың теңізге жайылу қаупі туындаған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі сынақтан өткізілді. Жаттығу кезінде арнайы қондырғылар арқылы мұнайдың таралуы шектелді. Кейіннен сорбциялық материалдардың көмегімен ластанған аумақ тазартылды. Белгіленген міндеттер толық көлемде орындалды.