Өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік шаралары «Сұхбат» бағдарламасында сараланды

Өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік шаралары «Сұхбат» бағдарламасында сараланды

«24KZ» арнасының «Сұхбат» бағдарламасында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Ысқақов саланың өзекті мәселелерін талқылады. Эфир барысында өнеркәсіптік апаттардың алдын алуға бағытталған бақылау-профилактикалық шаралар, қауіпті өндіріс орындарындағы заң бұзушылықтар, кеніштер мен шахталардың төтенше жағдайларға дайындығы және цифрлық технологияларды енгізудің тиімділігі сөз болды. Сондай-ақ  Нұржан Қалдыбекұлы жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесі мен сала мамандарын даярлау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жеке тоқталды. 

Сұхбаттың толық нұсқасын  сілтеме арқылы көре аласыздар: [https://youtu.be/Vvh-78mVPPQ?si=gy4b8382KbE1Di_J]