
Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Қаражанбасмұнай» АҚ-на қарасты қауіпті өндірістік нысандарда жоспарлы тексеру жүргізуде. Шараның мақсаты — техникалық регламенттер мен ережелердің сақталуын бақылау. Тексеріс аясында кәсіпорын өкілдерімен ресми кездесу ұйымдастырылып, «Азаматтық қорғау туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістер түсіндірілді. Жиында жұмыс процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықталып, қауіпті нысандарды пайдалану кезіндегі нормативтік талаптарды қатаң сақтау жөнінде нұсқаулықтар берілді.