
Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шара Департамент бастығының орынбасары Н.Т. Абабукировтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Жиынға ҚР Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің басқарма басшысы мен өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкері қатысты. Күн тәртібінде бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығы, бейнетіркегіштерді қолдану және қызметтік әдепті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық пен лудоманияның алдын алу шаралары қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлер мен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.