Оқу бағдарламасының жаңа мазмұны

Оқу бағдарламасының жаңа мазмұны

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мен Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ арасындағы үшжақты меморандум және Жол картасы аясында университеттің білім беру бағдарламасына тұңғыш рет «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» жаңа пәні енгізіледі. Оқу жоспарына аталған курсты кіріктірудің негізгі мақсаты – студенттердің осы сала бойынша теориялық білімін қалыптастырумен қатар, олардың кәсіби жауапкершілігін арттыру. Бұл бастама білім алушыларға өндірістегі қауіпті факторларды анықтауды, авариялардың алдын алуды және қауіпсіз еңбек мәдениетін меңгертуге бағытталған. Нәтижесінде болашақ түлектер заманауи талаптарға сай кәсіби құзыреттілігін шыңдап, еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие маман ретінде қалыптасады.