Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы кәсіпорындарда техникалық регламенттердің сақталуын бақылауда

Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы кәсіпорындарда техникалық регламенттердің сақталуын бақылауда

«Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында тексеру жүргізілуде. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және кәсіпорын қызметінің қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы шара барысында мамандарға жұмыс тәртібі мен заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Жоспарлы тексеру өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.