Өндірістік қауіпсіздік: Шымкент қаласындағы тексеру жұмыстары

Өндірістік қауіпсіздік: Шымкент қаласындағы тексеру жұмыстары

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2026 жылғы кестесіне сәйкес, Шымкент қаласы мамандары қауіпті өндірістік нысандарды жоспарлы тексеруді бастады. Негізгі мақсат - техногендік апаттардың алдын алу және нысандардағы қауіпсіздік деңгейін бақылау. Техникалық құрылғылардың жай-күйін, өндірістік бақылаудың ұйымдастырылуын және қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеріп, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар  беріледі. Сонымен қатар, кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайту бойынша әдістемелік көмек көрсету жоспарланып отыр. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – өндірістегі апаттарды болдырмаудың басты кепілі.