
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Бектөре Нұрышев «Atameken Business» телеарнасының «Түскі формат» бағдарламасына спикер ретінде қатысты. Сұхбат барысында Өскемендегі кәсіпорында орын алған жарылысқа қатысты жағдай және еліміздегі өнеркәсіптік нысандарды бақылаудың жаңа тетіктері сөз болды. Маман өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ең алдымен кәсіпорын иелері мен пайдаланушы ұйымдардың тікелей міндеті екеніне ерекше назар аударды.
Мемлекеттік органның негізгі функциясы қауіп-қатерлерді минимизациялауға және заңнамалық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.